Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

FlyArystan Астана қаласынан ұшатын жолаушылар үшін маңызды хабарландыру жасады

FlyArystan Астана қаласынан ұшатын жолаушылар үшін маңызды хабарландыру жасады

FlyArystan Астана қаласынан ұшатын жолаушылар үшін маңызды хабарландыру жасады

FlyArystan әуекомпаниясы елорда әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Астана қаласынан ұшатын жолаушыларға үндеу жасады.

Әуе тасылмалдаушысының Telegram-дағы арнасындағы мәлімедуінше, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады.
Хабарламада бұл ретте жолаушылар терминалы мен барлық қызмет көрсету аймағы қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жұмыс істейтіні айтылған.
"Ұшу алдындағы барлық рәсімнен жайлы әрі уақытылы өту және тіркеу мен тексеру аймақтарында мүмкін болатын кезектерді болдырмау мақсатында әуежайға алдын ала келулеріңізді сұраймыз:
ішкі рейстер үшін – ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын;
халықаралық рейстер үшін – ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын.
Сапарларыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескерулеріңізді ұсынамыз", - делінген хабарламада.

Фото:FlyArystan