Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы:
"Құрметті еліміздің православ қауымы!
Сіздерді Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі. Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды.
Ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр. Халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білім мен инновация, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық қағидаттары берік орныққан озық елде өмір сүріп, еңбек етуге ұмтылады. Республикалық референдумда қабылданған Халық Конституциясы — соның айқын дәлелі.
Біз қастерлі Отанымыздың болашағы жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезіне білсек, кез келген сын-қатерді еңсеріп, биік мақсаттарымызға жететінімізге кәміл сенемін. Осы жарқын мереке әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке сыйласын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін", - делінген хабарламада.

Фото: Ақорда