12 сәуірге қараған түні Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты.
12 сәуірге қараған түні Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетті. Олардың мәліметінше, пәтер жалын қатты өршіп, жанған.
"Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды", – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан.
Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауда", – делінген хабарламада.
Фото: кадр видеодан