Атырау облысында тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Атырау облысында тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Атырау облысында тексеруден кейін бірнеше жоғары лауазымды полицей қызметінен шеттетілді
Не болды?
Жергілікті БАҚ Астанадан келген тексеру фонында өңірдегі "полицияны тазарту" туралы хабарлады. "Ақ Жайық" өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, облыстық Полиция департаменті бөлімшелерінің бірнеше бастығы қызметінен айырылғанын хабарлады.
ІІМ не деді?
Бізге басшылық құрамдағы бірнеше полицейдің қызметінен шеттетілгенін хабарлады. Сондай-ақ ІІМ-нің өкілдері аумақтық бөліністердің қызметіне тұрақты негізде жоспарлы қызметтік тексерулер жүргізіліп тұратыны айтты.
"Қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылау мен жұмысты ұйымдастырудың болмауына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау Полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілді", - деп хабарлады ведомство.