Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Қазақстанның Кореядағы және Мьянмадағы елшісін тағайындады

Тоқаев Қазақстанның Кореядағы және Мьянмадағы елшісін тағайындады

Тоқаев Қазақстанның Кореядағы және Мьянмадағы елшісін тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Корея Республикасындағы және Мьянмадағы елшілерін тағайындалды.

Ақорда ақпаратынша, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстанның Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі