Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астана әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Астана әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Астана әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Астана әкімдігі 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу туралы таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды.

"Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа сай келмейді", - делінген хабарламада.
Әкімдік нақты уақыт аралықтары мен көшелер тізімі көрсетілген мәтін жалған екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ осыған дейін көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде ғана қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін екендігі хабарланғанын еске салды.
"Осылайша, күні, уақыты және көшелері бойынша бөлінген хабарлама ресми болып саналмайды және шындыққа сәйкес келмейді.
Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз", - делінген хабарламада.