Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан армиясында әскери қызметкерлерге кітап оқуды міндеттейтін жаңа талап енгізілді

Қазақстан армиясында әскери қызметкерлерге кітап оқуды міндеттейтін жаңа талап енгізілді

Қазақстан армиясында әскери қызметкерлерге кітап оқуды міндеттейтін жаңа талап енгізілді

Қазақстан қарулы күштерінде сарбаздардың оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жаңа талап енгізілді. Мерзімді қызмет кезінде әрбір әскери қызметкер кемінде бес кітап оқуға міндетті.

Президент тапсырмасымен 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Бұл күн алғаш рет 2025 жылы аталып өтті және ЮНЕСКО бастамасымен белгіленген Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен тұспа-тұс келеді.
Осыған орай, Қарулы күштерде оқу мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Әскерде енгізілген жаңа талапқа сәйкес, әрбір сарбаз қызмет барысында кемінде бес кітап оқуға тиіс.
Бүгінде әскери бөлімдер мен мекемелерде 322 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 52 мыңнан астам көркем әдебиет және шамамен 200 мың оқу-әдістемелік басылым бар. Тек биылдың өзінде әскери қызметшілерге 49 мыңға жуық кітап берілген.
Қарулы күштердің басты мәдени орталығы Ұлттық әскери-патриоттық орталық жанындағы әскери-ғылыми кітапханада 7 мыңнан астам кітап сақталған. Мұнда отандық және шетелдік авторлардың, әскери тақырыпқа арналған еңбектері, сондай-ақ сирек кездесетін басылымдар бар. Мәселен, Жамбыл Жабаевтың 1949 жылы жарық көрген кітаптары да осы қорда сақталған.

Кітапхана қорлары демеушілердің көмегімен, баспалармен әріптестік арқылы және қайырымдылық акциялары аясында үнемі толықтырылып отырады. Әскери қызметкерлер де жеке кітаптарын тарту етіп, іске белсенді қатысады.
Сарбаздар арасында кітап оқуға қызығушылық жоғары. Олар әсіресе Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова сынды тарихи тұлғалардың өмірбаяндарына ерекше қызығушылық танытады.
Мамандардың айтуынша, кітап оқу тек міндет емес, ол сарбаздардың дүниетанымын кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытып, рухани құндылықтарын қалыптастыратын маңызды құрал.
Фото:Қорғаныс министрлігі