Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – ДСМ

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – ДСМ

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – ДСМ

Министрліктің дерегінше, ана мен бала денсаулығына қатысты негізгі көрсеткіштер жақсарып, нәресте және перинаталдық өлім деңгейі де төмендеген.

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді,
Министрліктің дерегінше, ана мен бала денсаулығына қатысты негізгі көрсеткіштер жақсарып, нәресте және перинаталдық өлім деңгейі де төмендеген. Бұл нәтижелер жүйелі реформалар мен медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізудің арқасында мүмкін болған.
Сонымен қатар, ведомство басшысы климат өзгерісінің денсаулыққа әсері күшейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, температураның көтерілуі мен экологиялық факторлар инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Елімізде жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу шаралары күшейтілген. Қазіргі таңда жүкті әйелдердің 90%-дан астамы жүктіліктің алғашқы 12 аптасында есепке алынады. Сондай-ақ «Аналар саулығы» бағдарламасы жүзеге асырылып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде және өңірлік перинаталдық орталықтарда әйелдер консультацияларының жұмысы жанданды.
Бұдан бөлек, «Бір күндік клиника» жобасы іске асырылуда. Ол туа біткен даму кемістіктері мен хромосомалық патологияларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Жастар арасында да алдын алу жұмыстары күшейтілген. Республика бойынша жастар денсаулық орталықтары жұмыс істеп, репродуктивтік және психикалық денсаулық мәселелері бойынша кеңес береді.

Фото:freepik