Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда қандай мамандар жетіспейтінін айтты
Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда қандай мамандар жетіспейтінін айтты
"Бірінші кезеңде (талдаудың – редактордың ескертпесі) негізгі сұраныс төрт құзыреттілік айналасында қалыптасатыны айқындалды: деректер, машиналық оқыту, цифрлық инженерия және киберқауіпсіздік.
Одан бөлек жаңа қабат – салалық білім жасанды интеллектпен біріктірілген гибрид мамандықтар қалыптасып келе жатыр. Бұл екінші кезеңнің алдын ала нәтижелері", - деді министр.
Оның айтуынша, аналитика қазіргі уақытта Қазақстанда түлектердің саны жеткіліксіз сегіз маңызды мамандық кластерін атап көрсетеді: озық өндіріс, цифрлық технологиялар, таза энергетика, қаржылық қызметтер, өмір туралы ғылымдар, қорғаныс, шығармашылық салалар және кәсіби қызметтер.
фото:pixabay.com