Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда тағы рақымшылық жасалмақ: Қандай жаза кешіріледі?

Қазақстанда тағы рақымшылық жасалмақ: Қандай жаза кешіріледі?

Қазақстанда тағы рақымшылық жасалмақ: Қандай жаза кешіріледі?

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке қатысты қандай жеңілдіктер ұсынылғанын айтты

Бұл туралы Снежанна Имашева мәлімдеді.

Заң жобаларымен қылмыстық рақымшылық аясында зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе келтірілген зиян толық өтелген жағдайда ауырлығы аз және орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауаптылықтан босату ұсынылады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша зиян толық өтелсе, жаза мерзімдерін қысқарту көзделген, – деді депутат.
Оның айтуынша, әкімшілік рақымшылық шеңберінде Қазақстан азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларды, кәсіпкерлік субъектілерін, жеке нотариустарды, адвокаттарды, қандас мәртебесі бар адамдарды және өзге де тұлғаларды осы заң күшіне енген күнге дейін орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босату ұсынылып отыр.
Депутаттың сөзінше, рақымшылық жасау бастамасы азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге бағытталған.
Парламент депутаттарының бастамасымен рақымшылық жасауға қатысты заң жобалары әзірленді. Құжаттар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттарын ізгілендіруге бағытталған.

Фото: