Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент телерадиокешенінің кинолекторийі елдің барлық аймағын аралайды

Президент телерадиокешенінің кинолекторийі елдің барлық аймағын аралайды

21 мамырда Астанада Президент телерадиокешенінің «Шежіреден болашаққа» атты республикалық кинолекторийі басталады. 

Ауқымды жоба еліміздің 20 қаласында жалғасып, қорытынды көрсетілім 25 қыркүйекте Алматы қаласында мәресіне жетеді.

Кинолекторий бағыты барлық облыс орталығын қамтып, авторлық деректі фильмдерді өңір тұрғындарына барынша қолжетімді етуді мақсат етеді. Көрсетілімдер облыс әкімдіктерінің қолдауымен аймақтық кинотеатрларда ұйымдастырылады. Кіру тегін.

Президент телерадиокешенінің шығармашылық керуені Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған және Қонаев қалаларын аралайды.

Әр өңірдегі көрсетілімнен кейін көрермен Президент телерадиокешенінің жеке өндірістік базасы – Деректі кино орталығының шығармашылық ұжымымен жүздесе алады. Деректі фильмдердің мазмұнын талқылау көрермен арасында елдің өткені, бүгіні мен болашағы туралы мазмұнды ашық диалог қалыптастырады.

Кинолекторий кестесі және көрсетілім бағдарламасы Президент телерадиокешенінің ресми ресурстарында және серіктес платформаларда жарияланып тұрады. Көрермен алдын ала кестемен танысып, ұнаған туындыларды таңдап, өз қаласында өтетін шараларға қатыса алады.

«Шежіреден болашаққа» атты ауқымды ағарту жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.


Фото: Kazinform

Фото: Президент телерадиокешені