Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде энергия жинақтайтын «алып пауэрбанктер» салынады

Елімізде энергия жинақтайтын «алып пауэрбанктер» салынады

Елімізде энергожүйенің маневрлік мүмкіндігін арттыруға бағытталған гидроаккумуляциялық электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Бүгінде Алматы облысында екі ГАЭС жобасы пысықталып жатыр. ГАЭС «энергетикалық аккумулятор» қағидатымен жұмыс істейді: электр энергиясы артық өндірілген кезеңде су жоғарғы су қоймасына айдалады, ал тұтыну шарықтаған уақытта төменге жіберіліп, турбиналар арқылы электр энергиясы өндіріледі.

Бүгін Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Отырыс барысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының өтуі, сондай-ақ энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар энергия жинақтау жүйелері нарығын дамыту және гидроаккумуляциялық электр станцияларын енгізу перспективалары талқыланды.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің белсенді дамуына байланысты энергия жинақтау жүйелері жобалары іске асырылып жатыр. Бұл жел және күн электр станцияларында өндірілген энергияны жинақтап, оны тұтынудың шарықтау кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Жасыл» энергетика саласына TotalEnergies, Masdar, China Power және China Energy секілді ірі халықаралық инвесторлар тартылған. Аталған компаниялар қуаттылығы әрқайсысы 1 ГВт-қа дейін жететін жел электр парктерін салып жатыр. Әрбір жел паркі жанынан қуаты 300 МВт болатын энергия жинақтау жүйелерін салу да көзделген. Бүгінде іске асырылып жатқан жобалардың жиынтық көлемі 1,6 ГВт.

Фото: Энергетика министрлігі