Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық полицейлер халықаралық киберқауіпсіздік жарысында топ жарды

Қазақстандық полицейлер халықаралық киберқауіпсіздік жарысында топ жарды

19-21 мамыр аралығында Марокко Корольдігінің Марракеш қаласында Еуропа Кеңесі мен Интерполдың қолдауымен Cyber Games және Digital Security Challenge 2026 халықаралық жарыстары өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

– Іс-шараға әлемнің 58 мемлекетінен келген өкілдер қатысып, олар 16 халықаралық команда құрамына біріктірілді. Турнир киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, цифрлық криминалистика, киберқақтығыстарға ден қою және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

Тартысты сайыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үш қызметкері өнер көрсеткен команда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қатысушылар киберқауіптерді анықтау және олардың жолын кесу саласындағы кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, аналитикалық қабілеттері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті,
– делінген хабарламада.


Қазақстандық мамандардың бұл жеңісі цифрлық қауіпсіздік саласындағы отандық құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін дәлелдеп, киберқылмысқа қарсы күрестегі Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты.

– Қызметкерлеріміздің бұл жетістігі – жай ғана жарыстағы жеңіс емес, бұл ұлттық киберқауіпсіздік мектебінің жоғары деңгейі мен қазақстандық мамандардың әлемдік аренадағы кәсібилігінің мойындалуы, – деп атап өтті ІІМ өкілдері.

Фото: Polisia.kz