Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа мансаптық өсу тетігі енгізілді

Мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа мансаптық өсу тетігі енгізілді

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері үшін көлденең мансаптық өсу тетігі қолданылады.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ербол Жолданғар мәлім етті.

Енді қызметкерлер тек жоғары лауазымға тағайындалу арқылы ғана емес, бір лауазым шеңберінде лауазымдық деңгейін көтеру арқылы да мансаптық ілгерілеуге мүмкіндік алады. Жалақы мөлшері осы деңгейге байланысты белгіленеді.

— «Мемлекеттік қызметі туралы» заңда «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілері үшін бір лауазым шеңберінде көлденең өсу тетігі көзделген. Атап айтқанда, олардың лауазымдық жалақысының мөлшері лауазымдық деңгейге тәуелді болады, — деді Ербол Жолданғар Астана қаласы коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ аталған заңда сайланатын лауазымды тұлғаларды мемлекеттік қызметшілердің бөлек санатына жатқызу қарастырылған. Осы санаттағы қызметкерлердің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері ескеріліп, арнайы оқыту курстарынан өту тәртібі белгіленеді.

— Олар ротациядан, уақытша басқа орынға жіберілуден және тәлімгерліктен босатылады. Сонымен қатар мұндай қызметкерлерді тәртіптік теріс қылықтары үшін қызметтен босату тек мәслихат шешімі негізінде жүзеге асырылады, — деп толықтырды ол.

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform