Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр күтіледі
Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр күтіледі
10 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 19 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 4,3 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,8 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз 32 градусқа дейін ыстық болса, түнде термометр бағанасы 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с.
Фото: Sasiistock/iStock/Getty Images Plus