Секонд-хенд: Қазақстан мен басқа елдердің тәжірибесі
Қазақстанның секонд-хенд саласы қазір өз ең биік шыңында тұр. Қызмет көрсетуі жақсарып, сатып алушылардың саны ұлғайып жатыр. Бірақ ол әлемдік деңгейге дейін жетті ме? Еліміздің және шетелдің секонд-хенд саласы бірдей көрінеді, бірақ шынында олардың айырмашылығы көп. Түрлі мәдениет, түрлі тарих және адамдардың киімге түрлі қарауы оған өте әсер етеді. Батыс елдері мен Қазақстанда бұл саланың айырмашылықтары қандай және оларға не әсер етті?
Ескі киімді лақтыру – адамзат үшін өте жаңа тұжырымдама. Тоқыма әр уақытта өте қымбат болды, сондықтан адамдар әрқашан өз ескі киімін бір-біріне сатты. Мысалы, Рим империясында сарбаздарға Орта ғасырларда Англия мен Францияда ескі заттарды алып, жаңадай тігіп, оларды қайта сататын фрипперер (fripperer) мамандығы болды.
Бірақ көшпенділерде адамның киімі қарапайым зат емес, рухани, аса маңызды зат болып саналды. Мысалы, Ғалия Қайдауылқызы өз «Киелі кимешек» кітабында қазақтар бас киімге аса құрметпен қарағанын айтады. Бас киімді жерге тастамады, басқа адамға бермеді, сондықтан оны сатуға да болмады. Шоқан Уәлиханов өз «Следы шаманства у киргизов» мәтінінде де қазақтардың ұсталған киімге көзқарасы туралы жазды: өлген адамның үйінен қандай да бір затты алуға тыйым салынды. Үй «тазалану» үшін оның барлық заттары өртенді. Бұған қоса басқа да ырымдар болды – киімді садақаға бергенде оның түймелерін қиып тастау, аяқ киімді төңкермеу, киімді оң қолдан бастап кию. Қазіргі кезге дейін тірі қалған сондай киіммен байланысты мәдениетке қарағанда Қазақстанда неге секонд-хенд саласы дамымағаны анық.
Келесі айырмашылық – тарихта. Секонд-хенд түсінігі тек 1943 жылы Лондон қаласында пайда болды. Ең бірінші сондай дүкенде британдық мемлекеттің көмегімен ұсталынған заттар неміс оккупанттарына қарсы шыққан француз қарсыластығы үшін жиналды. Соғыстан кейін бұл түсінік қолданылған заттарды сататын барлық дүкендерге тарады. Illumin сайтының дерегі бойынша 1960-1970 жылдардағы жастар секонд-хендтен өзін-өзі көрсету және олар кездегі сәнге қарсыластықты білдіру үшін алды. Уақыт өте келе, 1980-1990 жылдарда секонд-хендтер қарсыластық болуға қойып, өздері сәнге айналды. Винтажды заттарға сән келді, сондықтан олар Батыста сол жылдары да танымал болды.

Ираклий Чохонелидзе – ТАСС
Қазақстанның секонд-хенд саласының тарихы мүлде басқа, ауыр деп айтуға болады. Кеңес Одағында секонд-хендтің орнына комиссиялық дүкендер болды. Бірақ Одақтағы барлық дүкендер сияқты, олар толығымен мемлекеттік бақылауда болды. Сонымен қатарн комиссиондық дүкендер бүкіл ел бойынша аз болды (барлығы 3340 дүкен), болғандардың өзі тек ірі қалалар мен республикалардың астаналарында болды. Тәуелсіз Қазақстанға, басқа пост-советтік елдерге сияқты, секонд-хенд саласы тек 1990-шы жылдарда келді. Бастапқыда ол қазіргі секонд-хендтерге мүлде ұқсамады – киімді көбінесе Еуропаның елдерінен «челноктарда» әкеліп, дәл ашық ауаның астында сатты. Бір жағынан ол қайыршылыққа тап болған адамдарға арзан бағамен қандай да бір киім алуға көмектесті, бірақ бұдан бастап «секонд-хенд» сөзі халық үшін қайыршылық кездерін білдірді. Likekomek жобасының негізін қалаушысы Әсемгүл Керейбайқызыға сондай әлеуметтік жағдайдың арқасында ол күйеуімен бірге өз жобасын ашқанын айтады:
«Мен де, күйеуім де көпбалалы отбасынан шыққанбыз. Менің отбасым бұл әлеуметтік мәртебені қолданып, мектеп кезімізден бастап көмек алды. Әкемнің достары да көмектесетін. Әкеммен бірге оқыған, Германияда тұратын бір досы қораппен киім жіберген. Қазіргі кезде киім деген бүкіл жерде сатылып жатса ол кезде киімге тапшылық болды. Сондықтан біз сол заттарға ерекше сыйлыққа қуанғандай қуандық. Дәл сол өмірімнің шағы мені Likekomek-ті ашуға итермелеген деп айта алмаймын, бірақ ол жобаның ашуының себептердің бірі болды», – дейді Әсемгүл.
2000-шы жылдары жағдай қатты өзгермеді – қолданылған киімдерді әлі де базарларда ғана сатылды. Кәдімгі дүкендер тек 2010-шы жылдардың ортасында пайда бола бастады. Сол жылдардың соңында және 2020-шы жылдардың басында Қазақстанда секонд-хенд саласы үшін нағыз алтын жылдар басталды. Сол кезде Қазақстандағы қолданыста болған киім тек ішкі нарықта сатылмай, сыртқа да шықты: 2023 жылы Қазақстан басқа елдерге 51,8 мың тонна ұсталған киім экспорттады, оның 98,3%-ы Тәжікстанға кетті. Көргеніміз – батыстағы секонд-хендтер өз танымалдығын 60-шы жылдарда алса, бізде бұл сала тек қазір ғана сол деңгейге жетті. Қазақстан
Тарихтың әртүрлілігі және мәдениеттердің айырмашылықтарының арқасында Қазақстанда секонд-хендтің концепциясы батыс елдеріне қарағанда мүлде басқа. Еуропа мен Америка елдерінде секонд-хенд деп кез келген ұсталған, сосын сатылған затты атайды. Американдықтар үй жинап, немесе басқа үйге көшкен кезде үйде оларға керек емес заттарды көрсе гараж сатылымын жасап, бүкіл заттарды көршілерге немесе үй қасындағы жолаушыларға арзан бағаға сатады. Интернетте көптеген еуропалық және американдық секонд-хендтерді көруге болады: Vinted, Depop, Vestaire Collective, Kreskat. Әлемдегі ең ескі онлайн секонд-хенд 1995 жылы ашылған американдық eBay саналады. Тіпті еліміздегі танымал olx онлайн-жүйесі де Нидерландта жасалған. Барлық айтылған жүйелер батыста секонд-хенд болып саналады, бірақ ешқайсысы тек қана киім сатпай, әшекейлер, ойыншықтар, асүй жабдықтарын сатады. eBay мен olx-та көптеген техника, тіпті көлікті де табуға болады, ал біріншіде адамдар олар үшін бәсекелесіп, аукцион жасайды.

Қазақстанда, айтылғандай, секонд-хендтердің танымалдығы өсіп жатыр. Бірақ қандай да танымал болмаса, бұл сала әлі дамымаған. Елімізде секонд-хенд деп тек ұсталған киім сататын дүкендерді атайды. 90-шы жылдардағы оқиғалардың кесірінен ұсталған киім сатып алу әлі де кедейліктің белгісі болып саналады. Елімізде үлкен секонд-хендтер санаулы ғана: Астанадағы Likekomek жобасы, Алматыдағы Jalan Jalan Japan дүкендері және бүкіл республикадағы Мегахенд дүкендер желісі. Басқа ешқандай үлкен дүкендер жоқ. Саланың онлайн жағынан жағдай одан да жаман – еуропалық онлайн секонд-хендтердің деңгейіне тек Showoff.kz сайты ғана жетті, бірақ онда тек брендті тауарлар сатылады, сондықтан секонд-хенд үшін ол өте қымбат. Басқа сайттарды қарасақ – онда ұсталған киімді тек жаппай сатады. Қолданылған киімді бөлшектеп сататын кейбір дүкендер шын өмірде ғана емес, Instagram-да да сауда істеп жүр (мысалы grechka_resale), бірақ ол еуропалық не америкалық сайттардың талаптарына жетпейді. «Б/у» заттарды сататын жүйелермен де жағдай жақсы емес: көптеген қазақстандықтар хабарларын нидерландық olx-те орналастырады, ал қазақстандық Kaspi-дегі «Жарияланымдар» танымал болса да ол тек Қазақстанның ішкі нарығы үшін жасалған, сондықтан американдық eBay-ге дейін ол жете алмайды.
Қазақстандағы секонд-хендтердің қазіргі жағдайы бұрынғыға қарағанда жақсы болса да, басқа елдердің деңгейіне дейін олар әлі жетпеді. Онлайн дүкендер жоқ, үлкен дүкендер аз, ал халықтың оларға көзқарасы әлі де жақсы болмай тұр. Бірақ бұл жағдайды өзгертуге болады. Біздің секонд-хендтер әлемдік деңгейге дейін жету үшін өз негізгі аудиториясына – жастарға жұмыс жасау керек. Олардың киім туралы тәрбиесін толығымен өзгерту керек. Оны даладағы жарнамалар арқылы жасауға болады. Қазір секонд-хендтердің жарнамасы еш жерде жоқ, тек кейбір кезде Мегахендтің видеолары Астананың автобустарының мониторларында шығып отырады. Егер дүкендер өз-өздерін жарнамаламаса олардың мәртебесі қазіргі деңгейде қалады. Жастардың қолданылған киімге көзқарасын одан басқа әлеуметтік желілер арқылы ауыстыру мүмкін. Мегахенд пен Likekomek-тен басқа ешбір секонд-хенд дүкенінің әлеуметтік желісі дамымаған. Ол бар болса да онда тек жаңа ассортимент немесе жеңілдіктер туралы айтылады. Олай жасауға болмайды. Әлеуметтік желілерді дамыту керек, маркетинг, PR салалардың арнайы мамандарын жалдау керек. Likekomek-тің негізін қалаушысы Әсемгүл Керейбайқызы оның жобасына қатты көмектескенін айтады:
«Бізде маркетинг үшін әдейі қаражат бөлінеді. Қазіргі таңда барлық адам әлеуметтік желілер арқылы ақпарат алады ғой, әйтпесе жобамыз жабылып қалушы еді», – дейді ол.
Оның барлығы қымбат, бірақ бұл саланы дамыту үшін қажет.
Секонд-хенд саласы мемлекетпен бақыланбайды, оған керек тауарды адамдардың өздері тегін әкеледі, ал жаңа киім-кешектің удай бағасымен оның мүмкіндіктері шексіз. Қазақстанда бұл саланың болашағы дүкендердің иелерінің қолында.
Maqsut Narikbayev University-нің 2 курс студенті Умиралиев Абылай
Фото: Marchevca Bogdan – Depositphotos