Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда жануарларға қатыгездікті қалай тоқтатуға болады?

Қазақстанда жануарларға қатыгездікті қалай тоқтатуға болады?

Жануарларға қатыгездік - ол бүкіл әлемнің күрделі мәселесі. Кейбір адам үшін ол соншама үлкен мәселе болып көрінбейді, бірақ зерттеушілер ол біздің қоғамымызға толықтай әсер ететіндігін айтады. Phil Arkow (1998) сөзінше біреуге қатыгездік жасаған адамдар және ол қатыгездікке куә болған балалар жәбірленішуге жанашырлық таныту қабілетін жоғалтады. Дегенмен, адам жануарға зиян келтірсе, ол болашақта адамға да дәл солай зиян келтіре алады. Жануарларға қатыгездік жануарлардың өздеріне ғана емес, адамдарға да зиян тигізеді, сондықтан да біз онымен күресу керекпіз. Елімізде жануарларға қатыгездікті тоқтату үшін не жасау керек?

Ол үшін біз заңнамамызды өзгерту керекпіз. Елімізде жануарларға қатыгездік мәселені шешуге ешкім қатты асыққан жоқ - “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заңы тек 2022 жылы ғана қабылданды. Ол заң бойынша жануарды тонау, қинау және өлтіру үшін қоғамдық жұмыстар, айыппұл не ең көбі 1 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қолданылады (ҚР Қылмыстық Кодексі 316-бап). Басқа мемлекеттердің заңдарына қарағанда біздікі тым жұмсақ болып көрінеді. Мәселен, Түркияда жануарға қатыгездік үшін 3 жылға дейін, АҚШ-та 7 жылға дейін, ал Грекияда тіпті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қолданылады. Елімізде жануарларға қатыгездіктің деңгейі азаю үшін заңымызға онымен байланысты қылмыстар үшін жазаны қаталдандыру керек. Сонымен бірге заңның ішіне қосымша тармақтары енгізуге болады. Мысалы үй жануарды өз үйінен қуып тастау үшін айыппұл салу, барлық ит-мысықтарды зарарсыздандыруды міндеттеу және т.б заттарды қосуға болады. Сонда да заңды қабылдау оның орындалуының кепілі болмайды. Мәселен, 2024 жылдың қараша айында Қызылорда қаласында ер адам көршінің итін оның көзінше атып тастады, бірақ құқық қорғау органдары тіпті ешқандай қылмыстық істі де ашпады. Ол оқиға біздің құқық қорғау органдардың жануарларға байланысты істерге назар аудармайтынын көрсетті. Сондықтан да заңды қаталдырсақ, оның орындалуына да қарауымыз керек.

Сонымен бірге жануарларға деген қатыгездікті азайту үшін оларға арналған әлеуметтік көмек керек. Ол ұғымға жануарларға көмек беретін мекемелер де жатады. Бірақ оларда да шешілмеген мәселелер бар. Мысалы жануарларды аулау қызметі. Негізі олар далада қалған жануарларды аулап, өз баспанаға жайғастыру керек. Ол жерде жануарларды зарарсыздандырады, олар медициналық көмекпен және күтіммен қамтамасыз етіледі. Одан кейін өзіне үй жануарды алғысы келетін адам баспанаға келіп ұнаған жануарды үйіне алып кете алады. Бірақ шын өмірде жануарларды аулайтын қызметкерлер оларды ауламай, жай өлтіре салатыны туралы оқиғалар өте көп. Мысалы, жақында Талғар қаласының тұрғындары ондай қызметкерлер туралы өз наразылығын білдірді - олар қаңғыбас иттерден гөрі тіпті үй жануарларын да өлтіреді. Сондықтан да ондай мекемелерге қызметкерлерді алғанда олардың психикалық денсаулығын тексеру керек және ол мекемелерді аса бақылауда ұстау керек. Немесе баспаналарды қарастырайық.  Олардағы жағдай жақсы деп айтсақ болады, бірақ басты мәселе - Қазақстанда олардың жетіспеушілігі. Елімізде 69 жануарлар үшін баспана және 116 жануарлар үшін уақытша ұстау пунктілері (УҰП) бар. Олардың ішінде 4 баспана және 74 УҰП мемлекеттік, қалғандары жеке меншік қолдарда ұсталынып тұр. Қазір Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарында УҰП-лардың бірі де жоқ, сондықтан олардың санын арттыру керек - жаңа баспаналарды ірі қалаларда ғана емес, облыстарда да салу керек. Жануарларға әлеуметтік көмек саласында оны істесек, оларға қатыгездік деңгейі төмендейді, себебі далада азырақ жануарлар қалады.

Ең басты және ең ауыр мәселе - халықтың ойын өзгерту. Халқымыздың үлкен бөлігі жануарларға  аса жауапкершіліксіз қарайды. Кейбір адамдар жануарларды тірі жан емес, зат деп есептейді. Тіпті заңнамамымыздың өзінде 2022 жылға дейін олар зат болып есептелді. Халықта жануарлар туралы ондай ойлар болса, қандай да заң қабылданбаса да, жануарларға қатыгездіктің деңгейі түспейді. Сондықтан халықтың ойын, ділін өзгерту керек. Жануарларға қатыгездікке қарсы жарнаманы әлеуметтік желілерде, телевизияда көрсету керек, қайырымдылық қорлармен бірлесіп, оған қатысты түрлі науқандарды жиі өткізу керек. Жануарларға зиян тигізген адамдарды  ұялту керек - жануарларға қатыгездік таныту қоғамда ұят болу керек. Сонымен бірге ол мәселеде балаларға ерекше мән бөлу керек. А.С. Джавадованың (2023) сөзінше мәселені талдағанда балалар мен жасөспірімдер жануарларға қарсы әрекеттерді заңның білмеуінен және жануарларға жанашырлықты қосатын тәрбиенің  жоқтығынан ондай әрекеттерді жиі істейді. Сондықтан мектепте жануарларға  жанашырлық таныту керектігі туралы жиі айтылу керек. Сондай насихаттаудан халықтың көбісінде жануарлар туралы ойлары өзгеру керек.

Қорытындылай келе, Қазақстанға жануарларға қатыгездіктен құтылуға болады. Бірақ ол мәселені тек қана мемлекет немесе тек қана қайырымдылық қорлары шеше алмайды. Ол үшін мемлекет те, халық та қатты жұмыс істеу керек. Бүкіл еліміз жануарлар үшін жауапкершілікті сезу керек, сонда ғана жануарларға қатыгездік азаяды.



Қолданылған дереккөздер

1.    Phil Arkow (1998) Linking the Circle of violence

2.    ҚР Қылмыстық Кодексі, 316-бап, 2024 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226 

3.    Джавадова А.С. (2023) Актуальные  проблемы и пути решения жестокого обращения с животными, Актуальные вопросы борьбы с преступлениями, №4, 31 бет https://cyberleninka.ru/article/n/aktualnye-problemy-i-puti-resheniya-zhestokogo-obrascheniya-s-zhivotnymi/viewer 


Умиралиев Абылай

Фото: Павел Михеев – Zakon.kz