Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" мамандары Қазақстанда 13-15 маусым аралығына арналған қысқаша ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында күн райы құбылып, жаңбыр жауып, күн күркірейді.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады.

Осы кезеңде еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында, 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел тұруы ықтимал. Жалпы республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында бүкіл кезең бойы, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ 15 маусымда Атырау облысында +35...+38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Фото: depositphotos.com