Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Астана, Алматы мен Шымкентте 15 маусымда ауа райы қандай болады? Күн райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін жетіп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,9 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін жетіп, түнде 25 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 12,9 м/с деңгейінде болмақ.
Фото: pexels.com