Тоқаев Қосановқа алғыс айтты
Тоқаев Қосановқа алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты
Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған "Әділет" партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді.
Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің "Әділет" партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Amanat партиясы жаңа құрылған "Әділет" партиясына қосылатыны белгілі болған еді.
Фото: Ақорда