Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Головкинді тарихи жетістігімен құттықтады

Тоқаев Головкинді тарихи жетістігімен құттықтады

Тоқаев Головкинді тарихи жетістігімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

"Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді", - деді Айбек Смадияров.
Геннадий Головкин – қазақстандық боксшы, 2003 жылғы әлем чемпионы және 2004 жылғы Афиныдағы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 72 келіге дейінгі орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды.
Қазіргі уақытта ол Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов