Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан шоколад экспортынан рекорд жаңартты, алайда импорт көлемі әлі де жоғары

Қазақстан шоколад экспортынан рекорд жаңартты, алайда импорт көлемі әлі де жоғары

Қазақстан шоколад экспортынан рекорд жаңартты, алайда импорт көлемі әлі де жоғары

Қазақстан 2026 жылдың алғашқы төрт айында шоколад және какао өнімдерінің экспортын рекордтық деңгейге жеткізді. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро сарапшылары мәлімдеді.
Қаңтар–сәуір аралығында шетелге 8,8 мың тонна шоколад пен какао өнімдері жөнелтіліп, оның жалпы құны 50,8 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайыздан астам өсіп, 2015 жылдан бергі осы кезеңдегі ең жоғары деңгей ретінде тіркелді.
Қазақстандық шоколадтың негізгі сатып алушылары қатарында Ресей, Өзбекстан және Әзербайжан бар. Аталған үш ел экспорт көлемінің шамамен 70 пайызын қамтамасыз еткен. Әсіресе Әзербайжанға жеткізілім айтарлықтай артып, тоннамен есептегенде төрт есе, ал ақшалай көлемде бес есе өскен.
Сонымен қатар, елдегі шоколад өнімдеріне деген сұраныс импорт көлемінің жоғары деңгейде сақталуына әсер етуде. Жыл басынан бері Қазақстан шетелден шоколад және какао өнімдерін сатып алуға 168,3 млн доллар жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп және соңғы он жылдан бергі рекордтық көрсеткіш саналады.
Физикалық көлемде импорт 2 пайызға азайғанымен, елге барлығы 27,3 мың тонна өнім әкелінген. Оның 70 пайыздан астамы Ресейден импортталған.
Осылайша, Қазақстан шоколад экспортын қарқынды арттырғанымен, ішкі нарықтағы сұраныстың жоғары болуы импорт көлемінің де айтарлықтай деңгейде қалуына себеп болып отыр.
Фото: pixabay