Бүгін Қазақстанның үш мегаполисінде де күн ыстық болады
Бүгін Қазақстанның үш мегаполисінде де күн ыстық болады
Синоптиктер сейсенбі, 23 маусымда Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.
Астанада көшпелі бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,2 м/с.
Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 7,8 м/с.
Фото: pixabay.com