Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Бельгия королі Филипті Қазақстанға шақырды

Тоқаев Бельгия королі Филипті Қазақстанға шақырды

Тоқаев Бельгия королі Филипті Қазақстанға шақырды 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия премьер-министрі Барт де Вевер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды.
Мемлекет басшысы Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, экономикалық ықпалдастықтың қарқыны бұдан да зор әлеуетке ие. Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 жетекші инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда аталған елден келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 15 миллиард долларды құрады.
Өзара сауда айналымы да тұрақты түрде өсіп келеді. Оның көлемі былтыр 580 миллион доллардан асты.
"Қазақстанда Бельгия капиталының үлесі бар 110-нан астам компания жұмыс істейді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды аңғартады. Танымал бельгиялық компаниялар біздің елдің нарығына көптеп келіп жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Премьер-министр Барт де Вевер екі ел арасында саяси диалог деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Ол Бельгияның екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге және стратегиялық серіктестік аясын кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.
Тараптар көлік-логистика, аса маңызды минералдар, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және қаржы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Бұдан бөлек, ғылым және білім беру саласындағы ықпалдастық, әсіресе, университеттер, зерттеу орталықтары мен технологиялық компаниялар арасындағы серіктестікті ілгерілету перспективасы пысықталды.
Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдалана отырып, Бельгия Королі Филиппке және Королева Матильдаға ізгі сәлемін жолдады.
Президент екіжақты қатынастар тарихында алғаш рет Король Филипптің биыл Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына айрықша мән беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Барт де Веверді өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Премьер-министр шақыруды ықыласпен қабыл алды.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Фото: Ақорда