Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Астанада парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы басталды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.
Бірлескен отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің 30 жылдық жұмысын қорытындылап, жаңа кезеңнің мақсатын айқындайды: Қазақстанда қос палаталы парламент бір палаталы Құрылтаймен алмасады.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты, бұл отырыс қазіргі қос палаталы парламенттің тарихындағы соңғы жиын ретінде тіркелмек.
Естеріңізге сала кетейік, сенат кеше Астанада соңғы отырысын өткізді. Сенаторлар онда бірқатар заңды мақұлдады.
Фото: Ақорда