Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Енді Kaspi.kz клиенттері NFC арқылы байланыссыз төлемді қолдайтын Android смартфоны, смарт-сағаты немесе басқа да құрылғылары арқылы төлем жасай алады. Қызмет әлемнің кез келген елінде қолжетімді және дүкендерде, қосымшаларда әрі интернетте төлем жасауға мүмкіндік береді. Kaspi Gold-ты Google Pay-ге Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы немесе Google Wallet арқылы қосуға болады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Біз әрбір Kaspi.kz клиентінде кез келген жағдайда төлем жасаудың ыңғайлы тәсілі болғанын қалаймыз.

Kaspi QR смартфон моделіне қарамастан барлық клиентке қолжетімді. Kaspi Alaqan телефонсыз-ақ алақанмен төлем жасауға мүмкіндік береді. Енді Android құрылғыларын пайдаланатын клиенттер Kaspi Gold картасын Google Pay немесе Google Wallet қызметіне қосып, Қазақстанда да, шетелде де NFC қолдайтын смартфон, смарт-сағат немесе басқа құрылғы арқылы төлем жасай алады.

Біз сүйікті клиенттерімізге таңдау мүмкіндігін көбейтіп, әр күнге қолайлы жағдай жасауға қуаныштымыз!"

Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold картасын Google Pay-ге қосу үшін Менің Банкім → Kaspi Gold бөліміне өтіп, "Google Pay қосу" батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Сондай-ақ Kaspi Gold картасын NFC қолдайтын Android құрылғысындағы Google Wallet қосымшасына қосып, байланыссыз төлем қабылдайтын дүкендерде пайдалануға болады.

Бұдан бөлек, Google есептік жазбаңызға кірген кез келген iOS немесе Android құрылғысында GPay батырмасы арқылы интернет-дүкендерде онлайн төлем жасауға болады.

Қызмет туралы толығырақ Kaspi Гид қызметінен оқыңыз.

*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы


Фото: Kaspi.kz