Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады

Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады

Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады   

Туған күнде сыйлық алуға үйренген қазақстандықтар үшін банктер мен дүкендердің ұсыныстары да аз емес. Бірі 5 мың теңгелік купон ұсынса, енді бірі бонусты екі еселейді. Алайда мұндай ұсыныстар шынымен сыйлық па, әлде сатып алуға ынталандыратын маркетингтік құрал ма? Stan.kz қазақстандық банктер мен сауда желілерінің туған күнге арналған бағдарламаларын зерттеп көрді.

Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді. Клиенттердің айтуынша, ForteBank туған күнге 10 мың бонус береді. Kaspi.kz клиенттеріне Kaspi Магазинде пайдалануға болатын 3 мың бонус есептейді. Ал Invitro зертханасы 2 мың бонус ұсынады. Осы ретте компаниялар қандай бонус беретінін, оған кімдер қол жеткізе алатынын, қандай шарттар қарастырылғанын сұрап білдік.

Freedom SuperApp

Мәселен, Freedom экожүйесі клиенттердің туған күнін 5 мың теңгелік жеңілдікпен атап өтеді екен. Компанияның мәліметінше, жеңілдік купоны Freedom SuperApp қосымшасында туған күнге бес күн қалғанда жіберіледі және жеті күн бойы жарамды болады. Алайда ұсынысты пайдалану үшін тапсырыс сомасы кемінде 20 мың теңге болуы қажет.

"Клиент Freedom SuperApp сервистерін неғұрлым жиі пайдаланған сайын, оның адалдық бағдарламасындағы деңгейі жоғарылап, кэшбэк мөлшері де арта түседі", – дейді Freedom банкінің баспасөз қызметі.

Alatau City Bank

Ал Alatau City Bank клиенттердің туған күніне емес, мерекелік күндердегі тұтынушылық белсенділікке басымдық береді. Банк жыл бойы мемлекеттік және халықаралық мерекелерге орай бірқатар санат бойынша бонустарды екі есеге дейін арттырады.

Мысалы:

Жаңа жыл кезінде киім мен аяқкиімге берілетін бонус 3%-дан 6%-ға дейін өседі;

Онлайн маркетплейстерде де бонус көлемі екі есеге дейін ұлғаяды;

8 наурыз қарсаңында сұлулық салондары, косметика, фитнес және SPA қызметтеріне 10%-ға дейін бонус есептеледі;

Білім күніне орай білім беру қызметтерінде бонус көлемі 5%-дан 10%-ға дейін жетеді.

Банк саяхат, фитнес, SPA, жиһаз және тұрмыстық техника сияқты сұраныс жоғары бағыттарды да назардан тыс қалдырмаған. Мәселен, Отан қорғаушылар күні жиһаз бен тұрмыстық техника сатып алған клиенттерге 10%-ға дейін бонус есептеледі.

Айта кетері, клиентке қосымша бонус алу үшін арнайы тіркелудің немесе өтінім берудің қажеті жоқ. Жоғарылатылған бонустар мерекелік кезеңде тиісті санат бойынша сатып алу жасалған жағдайда автоматты түрде есептеледі. Бұл ұсыныстар банктің қолданыстағы адалдық бағдарламасының бір бөлігі болып саналады.

ForteBank

ForteBank өз клиенттерін туған күнімен мобильді қосымша арқылы құттықтайды. Банктің мәліметінше, туған күні клиентке ForteApp қосымшасы арқылы құттықтау хабарламасы мен ForteMarket платформасында пайдалануға болатын 10 мың теңгелік жеңілдік промокоды жіберіледі.

Банк өкілдерінің айтуынша, промокодты пайдалану үшін ForteMarket-тен кемінде 100 мың теңгеге сауда жасау қажет. Ұсыныс банктің барлық белсенді клиенттеріне қолжетімді.

Сонымен қатар ForteBank мұндай ұсынысты жыл сайын қанша клиент пайдаланатыны туралы мәліметтің жарияланбайтынын, себебі бұл ақпараттың құпия екенін хабарлады. Банк әзірге туған күнге арналған бұл бағдарламаны өзгерту немесе кеңейту жоспарда жоқ екенін де мәлімдеді.    

Bereke Bank

Bereke Bank әзірге клиенттерге туған күніне арнайы бонус немесе сыйлық ұсынбайды. Оның орнына банк кэшбэк бағдарламаларын, түрлі акциялар мен әлеуметтік желілердегі сыйлықтар ұтысын дамытып келеді.

Банк өкілдерінің айтуынша, төлем картасының иелері мобильді қосымшадағы адалдық бағдарламасына қатысып, қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін кэшбэк ала алады. Ал акциялар мен арнайы ұсыныстардың шарттары әр науқан сайын банктің ресми платформаларында жарияланып отырады.

“Bereke Bank қазір клиенттерге арналған жекелендірілген ұсыныстарды дамытуға басымдық беріп жатқанын мәлімдеді. Банк болашақта клиенттік сервистер мен адалдық бағдарламаларын кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр”, – деп жауап берді Bereke Bank.

Дегенмен туған күнге арналған арнайы құттықтау бағдарламасын іске қосу туралы нақты ақпарат берген жоқ.

Нұрбанк

Нұрбанк клиенттеріне арналған адалдық бағдарламаларын тұрақты түрде жаңартып, жетілдіріп келеді. Соның бірі – Cashback адалдық бағдарламасы.

Бүгінде Нұрбанк төлем картасының иелері күнделікті ең көп қолданылатын санаттар бойынша 5%-ға дейін cashback ала алады. Ең жоғары қайтарым такси қызметтері мен кинотеатрларда төлем жасағанда беріледі.

дәріханалардағы сатып алулар үшін 3%-ға дейін;

азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, мейрамханалар мен фастфуд орындарындағы төлемдерге 2%;

жанармай құю бекеттерінде жанармай сатып алғанда 0,7%;

қалған барлық операция бойынша 1%-ға дейін cashback қарастырылған.

Cashback адалдық бағдарламасының барлық шартымен Нұрбанктің ресми сайтынан танысуға болады.
Клиенттер үшін тағы бір тиімді мүмкіндік – Nur Club жеңілдік клубы. Клубтың мүшелері Қазақстан бойынша банктің серіктестерінен арнайы жеңілдіктерге ие болады.

Жеңілдік алу үшін Нұрбанк картасымен серіктес компанияларда төлем жасау жеткілікті. Кейбір ұсыныстар бойынша жеңілдіктің көлемі 20%-ға дейін жетеді.

Бағдарлама серіктестерінің қатарында Beautymania дүкендер желісі, "Ақсай-нан" нан-тоқаш комбинаты" АҚ және басқа да көп компаниялар бар.

Серіктестердің толық тізімі мен жеңілдіктердің барлық шарттары Нұрбанктің ресми сайтында жарияланған.

Bank RBK

Bank RBK туған күнге орай клиенттеріне арнайы бонус немесе қаржылық жеңілдіктер ұсынбайды. Банктің мәліметінше, тек жекелеген стратегиялық клиенттерге символикалық құрмет ретінде гүл мен құттықтау ашықхаты беріледі. Ал туған күнге байланысты ақшалай сыйақы, материалдық сыйлықтар немесе арнайы қаржылық ұсыныстар қарастырылмаған.

Home Credit Bank

Home Credit Bank клиенттерін туған күнімен құттықтайды, алайда оған байланысты арнайы бонустар немесе жеңілдіктер ұсынбайды. Банктің мәліметінше, туған күн иелеріне тек жеке құттықтау жазылған push-хабарлама жіберіледі. Ал осы күнге орай сыйлықтар, жеңілдіктер, ақшалай бонус немесе арнайы ұсыныстар қарастырылмаған. Банк мұндай тәжірибе өзгерген жағдайда бұл туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Sulpak

Бұдан бөлек, тұрмыстық техника нарығында Sulpak туған күнге арналған ең қарапайым әрі түсінікті ұсыныстардың бірін ұсынады. Компания адалдық бағдарламасына қатысатын клиенттердің шотына туған күніне орай автоматты түрде 3000 бонус аударады.

Ең маңыздысы бонустарды алу үшін қосымша шарттарды орындаудың қажеті жоқ.

"Бонус туған күнге арналған құттықтау аясында автоматты түрде есептеледі. Жиналған бонустарды дүкендер желісінде немесе Sulpak сайтында сатып алу кезінде пайдалануға болады", – деп пікір білдірді Sulpak компаниясы.

Sulpak тағы бір артықшылықты атап өтті. Мысалы, қолжетімді бонус көлемі жеткілікті болған жағдайда клиент тауар құнының кез келген бөлігін, тіпті 100 пайызын бонус есебінен төлей алады. Дегенмен компания бұл ұсыныстың қаншалықты сұранысқа ие екенін ашып айтпайды. Туған күндік бонусты нақты қанша клиент пайдаланатыны ішкі ақпарат саналады. Бағдарламаны кеңейту мәселесіне келсек, Sulpak әзірге нақты жоспар жариялаған жоқ.

Technodom

Ал Technodom желісінде клиенттерді туған күнімен құттықтау бағдарламасы қарастырылған. Компания мәліметінше, туған күні кезіндегі кез келген сатып алу үшін клиентке екі еселенген бонус есептеледі.

"Ұсыныс адалдық бағдарламасына тіркеліп, бонус картасын алған барлық сатып алушыға қолжетімді. Сонымен қатар клиент мәртебесіне қарай қосымша артықшылықтар ұсынылады. Мысалы, Orange мәртебесіндегі клиенттер негізгі 3 пайыз бонусқа қосымша тағы 3 пайыз алады. Ал Black мәртебесі бар сатып алушыларға негізгі 5 пайыз бонусқа қосымша тағы 5 пайыз бонус есептеледі", – деп жауап берді Technodom компаниясы.

Алайда компания мұндай ұсынысты жыл сайын қанша адамның пайдаланатынын жарияламады. Технодом бұл деректерді коммерциялық құпия ақпаратқа жатқызатынын мәлімдеді. Сондай-ақ компания әзірге туған күнге арналған бонустық бағдарламаны өзгерту немесе кеңейту жоспарда жоқ екенін айтады.

Mechta

Mechta дүкендер желісінде бонус алу үшін сатып алынатын тауардың құны кемінде 15 мың теңге болуы қажет. Осы талап орындалған жағдайда ғана клиенттің бонустық шотына бонус есептеледі.   

Sportmaster

Sportmaster клубтық бағдарламасына қатысушылар туған күніне арнайы бонустар алады. Компанияның мәліметінше, стандартты деңгейдегі карта иелеріне – 2500 бонус, күміс деңгейге – 5000 бонус, ал алтын деңгейге – 10 000 бонус есептеледі.

1 бонус 1 теңгеге тең. Жиналған бонустармен тауар құнының 30%-ына дейін төлеуге болады (сыйлық карталарынан басқа). Бонустарды ақшаға айырбастау мүмкін емес, ал барлық жеңілдіктердің жиынтық мөлшері 50%-дан аспауға тиіс.

"Золотое Яблоко"

"Золотое Яблоко" дүкендер желісінде туған күн иелеріне арналған сыйақы клиенттің адалдық бағдарламасындағы деңгейіне байланысты беріледі.

Компанияның "Лаймовый клуб" бағдарламасына сайт немесе мобильді қосымша арқылы тіркелген әрбір клиент автоматты түрде қатыса алады. Бағдарлама аясында әр сатып алудан клиентке екі түрлі жинақ есептеледі – бонус және бьютис. Бонустармен сатып алған тауардың ақысын төлеуге болады (1 бонус = 1 теңге). Ал бьютистерді жеке кабинеттегі "Киоск" бөлімінде эксклюзивті тауарларға, мерчке, жеңілдік купондарына айырбастауға немесе қалаған жағдайда бонусқа ауыстыруға мүмкіндік бар. Айта кетейік, "Лаймовый клуб" іске қосылған 2026 жылдың 5 ақпанынан бері Қазақстанда 45 мыңнан астам клиент "Киосктағы" сыйлықтарын таңдаған.

Туған күнге 7 күн қалғанда клиенттің шотына бонус түседі және ол туған күннен кейін тағы 7 күн бойы жарамды болады. Бонустың көлемі клиенттің деңгейіне қарай өзгереді:

"Бьюти-іздеуші" – 2500 бонус;

"Бьюти-әуесқой" – 3500 бонус;

"Бьюти-білгір" – 5000 бонус;

ал ең жоғары "Бьюти-аңыз" деңгейіндегі клиенттерге 7500 бонус беріледі.

Клиенттің деңгейі соңғы 12 айдағы сатып алу көлеміне қарай анықталып, жылына бір рет қайта қаралады. Яғни, клиент неғұрлым көп сауда жасаса, туған күніне берілетін бонус көлемі де соғұрлым арта түседі.

Французский дом және Beautymania

Французский дом және Beautymania дүкендер желісінде туған күн иелеріне 20%-ға дейін жеңілдік ұсынылады. Алайда бұл жеңілдік белгілі бір талаптармен беріледі. Мәселен, мереке күні сатып алынған тауар сомасы 40 мың теңгеден асуға тиіс.

“Сыйлықтар мен акциялардың шарттары әр жолы өзгеріп отырады, ал бонустық жүйе қарастырылмаған. Бұдан бөлек, клиенттік күндерде немесе жекелеген брендтерге арналған акциялар кезінде жеңілдіктер 60%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ 40 мың теңгеден асатын тапсырыстарға тегін жеткізу қызметі ұсынылады”, – дейді дүкендер желісі.

MonAmie

MonAmie дүкендер желісі туған күн иелеріне де, тұрақты клиенттеріне де бірқатар жеңілдіктер ұсынады. Компанияның мәліметінше, Gold деңгейіндегі клиенттер туған күніне орай бір аптаға жарамды 1000 бонус, ал Platinum деңгейіндегілер 2000 бонус алады. Сонымен қатар барлық туған күн иелеріне 5000 бонус мен 30%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

Сондай-ақ әрбір сатып алудан клиенттің бонустық шотына сатып алу сомасының 1%-ы есептеледі. Егер сатып алу құны 40 мың теңгеден асса, қосымша бонустар беріледі. Бұдан бөлек, Gold деңгейіндегі клиенттер 15 мың теңгеден, ал Platinum деңгейіндегілер 10 мың теңгеден жоғары тапсырыс берген жағдайда тегін жеткізу қызметін пайдалана алады. Platinum клиенттеріне қосымша 10% жеңілдік те ұсынылады.

Marwin және Meloman

Marwin және Meloman дүкендер желісі туған күніне орай клиенттеріне жеке купон жолдайды. Компанияның мәліметінше, купон арқылы клиентке 1000 бонус беріледі. Ал мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша бонустар, жеңілдіктер немесе арнайы ұсыныстар қарастырылмаған.


Фото: Stan.kz | ЖИ көмегімен жасалған