Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент тапсырмасы: Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады

Президент тапсырмасы: Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады

Президент тапсырмасы: Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынып, 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады 

Жаңа өндіріс Қарағанды облысының Балқаш қаласында жүзеге асады. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорнының құрылысы 2027 жылы басталады, пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған.
Мемлекет басшысының шикізатты терең өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazaq Smelter» ЖШС арасындағы мыс қорыту зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жаңа өндіріс Қарағанды облысының Балқаш қаласында жүзеге асады. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорнының құрылысы 2027 жылы басталады, пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 300 мың тонна катодты мыс,  10 тонна алтын, 300 тонна күміс және  1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы.
Жоба 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейді. Кәсіпорын іске қосылған кезде қызметкерлердің 90%-ы басшылық лауазымдарды қоса алғанда, қазақстандық мамандарды құрайтын болады, алдағы бес жыл ішінде олардың үлесі 95%-ға дейін артады. Сондай-ақ инвестор Қарағанды облысының оқу орындарында 50 студентті даярлау бойынша міндеттемелер алады.
Жаңа қуаттарды іске қосу ел ішінде мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін бір жарым есеге арттырып, жылына 800 мың тоннадан астам көлемге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қосылған құны жоғары өнімнің экспорты жылына 460 мың тоннадан 760 мың тоннаға дейін өседі. Сонымен қатар өндіріс заманауи технологиялармен және цифрлық шешімдермен жабдықталатын болады.
Осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8%-ға ұлғайды. Өсім машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығаруда және басқа да салаларда байқалады. Осы кезеңде елімізде 232 мың тонна катодты мыс өндірілді.
Катодты мыс – қосылған құны жоғары өнім шығарудың негізгі шикізаты. Ол электр кабельдері мен жабдықтарын, құбырларды, құрылыс материалдарын, автомобиль бөлшектерін, сондай-ақ қола, жез және басқа да мыс қорытпаларын өндіруде қолданылады.

Фото: primemenister.kz