Зерендіде болашақ журналистерге арналған «ZEREN photo fest» фотофестивалі өтті
Зерендіде өткен «ZEREN photo fest» фотофестивалі аясында қазақстандық БАҚ фототілшілері ЕҰУ-дың журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің студенттеріне шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шараны ЕҰУ-дың Ақпарат орталығы мен Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі ұйымдастырды. Фотофестиваль университеттің 30 жылдығына орай өтті.
Фестивальге ЕҰУ-дың әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры Ләззат Төлегенқызы, ҚР Премьер-министрінің фотографы Шүкір Шахай, «National Geographic Kazakhstan» журналының фототілшісі Ерболат Шадрахов, «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Ерлан Омаров, ҚР Құрылтайының фототілшісі Талғат Таныбаев, Қазақ радиосының бас редакторы Алмас Байдрахман, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы Ғабит Ұзақбай, ЕҰУ ректорының кеңесшісі Ғалымжан Мелдеш, ЕҰУ Ақпарат орталығының басшысы Ербол Ерденбек және оқытушылар мен студенттер қатысты.