↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды 

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының күміс медалін иеленді
Қазақ балуаны 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде оның қарсыласы ресейлік Иналбек Шериев болды.
Кездесу Шериевтің пайдасына 10:4 есебімен аяқталды. Осылайша, Қайпанов елордадағы әлем чемпионатында екінші орын алды.
Бұл – Нұрқожа Қайпановтың әлем чемпионаттарындағы төртінші медалі. Ол алғаш рет 2019 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған болатын.
2024 жылы спортшы мансабындағы ең басты жетістігіне қол жеткізіп, Тиранада (Албания) әлем чемпионы атанды. Бір жылдан соң Загребтегі (Хорватия) әлем біріншілігінде қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейінгі үш жүлдені де Қайпанов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алған еді. Ал 74 келіде әлем чемпионатының медалін бірінші рет иеленіп отыр.

Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті