«Сән мен сахна» халықаралық фестивалі 19 кыркүйек күні сағат 18:00 де Шымкент каласында шымылдығын ашады.

Байқау «Шымкент сырлары» номинациясы бойынша өтеді. «Сән мен сахна» халықаралық фестивалінің онжылдық тәжірибесі, сән әлеміндегі өзіндік орны бар. Осы уақыт аралығында 50-ден аса сәнгер даярлаған. Аймақтағы шараның мақсаты: жас сәнгерлерге қолдау көрсету, отандық, тіпті шетелдік нарыққа дайындау. Биыл фестивальге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақ эстрада жұлдыздары, Миландағы «Opening Milan Fashion Week» сән көрметілімінің қатысушылары, «Сән мен Сахна» халықаралық фестивалінің жеңімпазы «Indira Bilissbekova» қатысады.