Astana Media Week – отандық медиа индустрияны дамыту және ондағы іскерлік қатынастарды ілгерілету мақсатында Қазақстанның мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби және жаңа БАҚ-тарын біріктіретін медиа және журналистика саласындағы жыл сайынғы оқиға.

Жеті жыл қатарынан еліміздің бас медиа коммуникациялық алаңында өзекті мәселелерді талқылау, байланыстар орнату, алдағы медиа жыл идеяларын таныстыру және болашақ үрдістер бойынша бағыт алу үшін бөлім басшылары мен халықаралық сарапшылар, сонымен қатар саланың әсер етушілері мен көрегендері кездеседі.