Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады
Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов әр жылдары әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарынан құралған бастамашыл топпен кездесті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтарды қабылдауға Бас әскери прокурор мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.
– Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.
Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, ұсынылған материалдарды зерделейтінін мәлімдеді.
Фото: gov.kz