Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерболат Құдайбергенов: «Әндеріміз шетелді бағындыруда»

Көпшілікті таңқалдырып, қазақ сахнасына өзіндік жаңа стилімен келген талантты әнші Ерболат Құдайбергенов Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасының қонағы болды.


Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Ілияс Жансүгіров секілді ақындардың өлеңдерін хип-хоп бағытында орындаған әнші қазақтың өнер әлеміне жаңа леп сыйлады. Ол алғаш болып этно-рэп бағытындағы туындыларды жарыққа шығарды.

Өнерді жан азығы деп білетін Құдайбергеновтер отбасы дүйім қазаққа үлгі. Студия қонағы заман талабына ілесіп, отбасылық «Family Production» атты өнер ордасының бой түзегенін айтты.


«Біз өнерлі Құдайбергеновтер әулетінің төртінші толқынын тәрбиелеудеміз», - дейді Ерболат.

Жастардың жалынды ұранына айналған патриоттық әндері орыс, ағылшын және қытай тілдеріне аударылып, шет елдерде жақсы қабылданатынын қуана жеткізді.