Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақша адамды бақытты ете ме?

Ақша адамды бақытты ете ме?
Америкалық психологтар табыстың өсуі өмірге қанағаттану деңгейін белгілі бір шекке ғана жеткізеді деп тұжырымдайды.
Зерттеушілер дүниежүзінен жарты миллоннан астам адам қатысқан Gallup World Poll сауалнамалық зерттеуді алға тартады. Сөйтіп олар табыспен бақытты етудің орташа деңгейін есептеді. Бұл бақытты болуға деп есептелген сома адамның қандай әлеуметтік топтарға жаттатындығына және әлемнің қай жерінде тұратындығына байланысты өзгеріп отырған.

Сауалнамаға әлемнің 164 елінде өмір сүріп жатқан 15 жастан және одан жоғары 1,7 миллион адам қатысты. Ғалымдар жұмысқа қажет табыс деңгейін қоса алғандағы субъективті байлық (subjective well-being, SWB) көрсеткіштерін өлшеуге арналған деректерді пайдаланған. Сондай-ақ, адамдардан өздерінің табысымен өмірге қанағаттану деңгейін бағалауды және күнделікті өмірде жиі кездесетін эмоциялар туралы бөлісуді сұраған.

Психологтар қаржылық табыстың белгілі бір биігіне жеткен кезде әлем бойынша ол сома өзгергендігін анықтады.
Табыс деңгейі мен ауқатты болумен байланысты айырмашылық барлық елдерде және түрлі әлеуметтік топтар арасында бірдей емес. Айталық, кей ерлерде білімі жоқ адамдардың өмір сүру сомасы жылына 70 мың доллар. Ал орта білімді адамдар 85 мың долларды, ал жоғары білімділер 115 мың долларды өмір сүруді қанағатт ететіндігін көрсеткен.

Ақша туралы көзқарасқа географиялық жағдай да айтарлықтай әсер етеді.
Ақшаға қажеттілік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Австралия тұрғындары арасында байқалған. Олар жылына 125 мың доллар деп белгілеген. Солтүстік Америка тұрғындарында бұл сома 105 мың доллар, Батыс Еуропа — шамамен 100 мың, Шығыс Еуропаның орташа цифры — 45 мың доллар. Бақытқа жеткізетін ақшаның ең төменгі көрсеткіші Латын Америка тұрғындары арасында тіркелді. Аталған елдер тұрғындары жылына 35 мың доллар бақытты өмір сүруге болады деп есептейді.

Зерттеушілердің пікірінше, осы сомадан асатын табыс деңгейі бақытты субъективті сезінуге кері әсерін тигізеді. Жоғары табыс табу ол адамдардың көп уақыты мен күшін қажет етеді, сондай-ақ өзінің еңбегінің нәтижесіне барынша жауапкершілікпен қарауына алып келеді. Сонымен қатар, табыстың көбеюі адамды өзін қоршаған ортамен салыстыруға мәжбүрлейді. Сонымен мол ақша да адамды бақытты етпесе керек.