Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақтың тазысы мен төбет күні: Елімізде жаңа мереке пайда болды

Қазақтың тазысы мен төбет күні: Елімізде жаңа мереке пайда болды

Қазақтың тазысы мен төбет күні: Елімізде жаңа мереке пайда болды

Үкімет жаңа мерекені бекітті. Енді елімізде жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақтың тазысы және төбет күні аталып өтіледі.

Мереке күндері тізіміне тиісті өзгерістер үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі №278 қаулысымен енгізілді. Құжат 2026 жылғы 28 сәуірде күшіне енеді.
Жаңа мереке Қазақстан үшін маңызды мәдени және тарихи маңызы бар ұлттық ит тұқымдары – тазы және төбетке арналған.
Үкімет мерекенің енгізілуі дәстүрлі мұраны сақтау және насихаттауға бағытталғанын атап өтеді.
Еске салсақ, Қазақстанда бұралқы иттер ұсталған соң бес күннен кейін эвтаназия жасалатыны туралы хабарлаған едік. Жануарларды баспанада ұстау мерзімі шектеледі: қаңғыбас жануарлар – 5 күнге дейін, ал үй жануарлары – 60 күнге дейін. Осы уақыт ішінде иесі табылмаса, эвтаназия жасауға рұқсат берілуі мүмкін.
“Заң жобасы аясында эмоциялық манипуляция жасалып жатыр. Ұсынылып отырған түзетулер барлық жануарды автоматты түрде құртуды білдіреді деген пікір дұрыс емес”, – деді депутат.
Құжатта жануарларды ұстаудың міндетті мерзімдері енгізіледі.
“Қаңғыбас жануарларды уақытша ұстаудың ең төменгі мерзімі – кемінде 5 күн. Ал мәслихаттарға бұл мерзімді ұлғайту құқығы беріледі”, – деді ол.
Депутаттың сөзінше, иесі болуы мүмкін жануарларды ұстауға ұзағырақ мерзім қарастырылған.
“Мұндай жануарлар үшін ұстау мерзімі 60 күнге дейін белгіленеді”, – деді депутат.
Фото:Ақорда