Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін алғысты кімге айту керек?

Бүгін алғысты кімге айту керек?
Бүгінгі "Алғыс айту" күнінде қазақстандықтар әлеуметтік желілерде бір-біріне алғыс айтып жатқанына қарағанда, атаулы күннің мәні басқаша сипат алып бара жатқан секілді.

Елбасымыз бұл күн туралы:
«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деп түсіндіріп берген еді.
Сондықтан qazradio.fm сайты сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланған бүгінгі күннің мағынасына сай келетін пікірлер мен әр түрлі уақыттағы жазба-видеоларды назарларыңызға ұсынамыз.
Менің ұлтым – татар, жолдасым – орыс. Ұлты­мыз әртүрлі болғанымен бұл біздің отбасын құрып, бала тәрбиелеуімізге кедергі келтірген жоқ. Жоғары білімді Ресейде алдым, бірақ бұл менің Қазақстан­да өмір сүріп, жұмыс істеуіме еш қиындығын туғызған жоқ. Біздің қоғамда ұлтына, наным-сенімі мен білім деңгейіне қарамастан, адамдар бір-біріне құрмет­пен қарайды. Мен Елбасының «Бұл күн барша қазақ­стан­дықтың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен құрметінің жарқын мейрамына айналуы тиіс» деген сөзімен толықтай келісемін. Осындай кеңпейілді халықтың арасында өмір сүріп жатқаныма әрқашанда алғыс айтамын.
© Елена МАКСЮТА, Жоғарғы соттың судьясы
"...Бұл кезде әкем дүниеден өткен. Анамның сондағы айтқан бір ауыз сөзі әлі күнге есімде. Ол маған қарап тұрып: «Қазақстанға кеттік, ол жердің халқы өте жақсы, басымызға іс түскенде олар бізге көмек қолын созған болатын» деген еді. Бір жағынан осында тұрып жатқан таныс күрдтер де бар еді. Олардың ішінде күрдтерден шыққан тұңғыш академик Надир Надиров, халыққа қадірлі ақсақал Апе Зия Бадырхан, Қазақстанның құрылыс саласының майталманы Ширин Мустафаев сияқты азаматтар болатын. Олар­дың барлығы Қазақ елінде елеулі еңбек етті, Қазақ­станды Отаным деп санады...
Рахмет саған, Ұлы Дала елі..!"
©Князь МИРЗОЕВ, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, академик, egemen.kz




Елімізде жыл сайын 1-ші наурыз күні алғыс айту мейрамы тойланып келеді.Яғни бұл күні түрлі этнос өкілдері қазақ халқына,қазақ жеріне,қазақ еліне мыңда бір алғысын білдіреді.Себебі сонау қиын қыстау жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жылдарында,қазақтың жеріне қаншама этнос өкілдер қоныс аударды,депортацияға ұшырады,көптеген қиыншылыққа тап болды,өйткені сол заманда өз қазақ елімізде үлкен кедергі және тосқауылдармен кезігіп жатты.Жұт,ашаршылық,репресия заманы.Бірақ соған қарамай қаншама өзге ұлт өкілдерін өзінің бауырына басып,жатар орын беріп,бір үзім нанын бөлісіп,терезесін өзімен тең ұстады. Осы тақырыпқа байланысты бүгін хабар телеарнасында"Давайте говорить"атты бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті.Мейрамға таяу бұл өз көрерменіне жол тартады.Менің ойымша барлықтарыңыздың көңілінен шығады.Ал мен сөзімнің соңында айтайын дегенім,бәріміз осы мейрам қарсанында ата-анамызға,бауырларымызға,туған-туысқанымызға,жақын және достарымызға алғыс білдірейік.Себебі жақсы сөз,жарым ырыс дейді қазақта,ал енді алғыс сөз қашанда адамнын көңілін көтеріп,жайдарлы қылады.

Публикация от Геннадий Шиповских (@gennadiishipovskikh)