Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосында - Әз-Наурыз тойлануда

Қазақ радиосында -  Әз-Наурыз тойлануда
Бүгін Қазақ радиосы  Әз-Наурызды таңертең тойлауды бастап кетті. "Қайырлы таң, қазақ елі" бағдарламасы күллі Қазақ елін жаңа күннің шапақ атып шығуымен, төл мерекемізбен құттықтады.

Бағдарлама жүргізушілері - Амангүл Ермекқызы, Айгерім Оралбекқызы, Ертас Жақыпбай, Қуаныш Кәрім таң атпай бірнеше қонақ қабылдап, наурыз көже, бауырсақ, өзге де ұлттық тағамдардан дәм татқызды.

Арнайы тілектерін білдіріп келіп,  ән де шырқап берген Әйгерим Байбатырова, Фарида Нурдилдина әжелеріміз, әдемі айтыс жасаған Айбар Талапұлы мен Сұлужан Таубалдықызы және отандық эстрада жұлдыздары ерлі-зайыпты Медет Салықов пен Клара Төленбаева бағдарламаның көркін кіргізді.

Қазақ радиосының мерекелік сыйы бұнымен бітпейді. Сәлден кейін "Түркия үні" радиосымен бірлескен радиокөпір өтеді. Бір сағат бойы күллі Түрік елі Қазақ радиосын тыңдайтын болады.