Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Премьер-министр ҚТЖ-ның алдындағы басты міндеттердің бірін атады

Премьер-министр ҚТЖ-ның алдындағы басты міндеттердің бірін атады

Премьер-министр ҚТЖ-ның алдындағы басты міндеттердің бірін атады

- Жаңа теміржол желілерін салу, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, қолданыстағы жолдарды жаңғырту және вокзалдарды реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша биыл бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаны аяқтау жоспарланды. Олардың ішінде «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілері де бар. Аталған учаскелердегі қозғалысты осы жылдың қараша айында іске қосу қажет. Жаңа жолдардың ашылуы транзиттік тасымал көлемін биыл 55 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі, - деді О. Бектенов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы бар жобалармен ғана шектеліп қалмау керек екенін атап өтті. Ел экономикасының одан әрі өсуін қамтамасыз етіп, Еуразия кеңістігінде көлік-логистикалық хабқа айналу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытудың келесі кезеңіне дайындалу қажет.

- Ұсынылып отырған саланы дамытудың үшжылдық жоспарын жалпы қолдаймыз. Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» барлық болашағы зор инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру көздерін айқындап, техникалық құжаттаманы әзірлеуге дереу кірісуге тиіс. Жүк айналымы мен транзиттік тасымалдардың болжамды өсуін және экономиканың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін негізге ала отырып, уақыттың талабына сай белсенді шешімдер қабылдау өте маңызды. Сондай-ақ мемлекетаралық өткізу пункттері тораптарын кеңейту экспорттық және транзиттік бағыттағы жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерімен бірлескен шешімдер әзірлеу үшін тұрақты жұмыс жүргізу қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2040 жылы теміржол арқылы транзиттік тасымал 100 млн тоннаға жеткізілмек.


Фото: Үкімет