Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кәусар: Маған көмектескен аға-апаларға көп-көп рахмет!

Кәусар: Маған көмектескен аға-апаларға көп-көп рахмет!
Қалдыбаева Сәлима - алты баланың анасы, ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылының тұрғыны. Қызы Кәусар үшін Қазақ радиосындағы «Жан жылуы» бағдарламасы арқылы көмек сұрай келген болатын.

Кәусар мен анасы Қазақ радиосының тікелей эфиріне қатысқаннан кейін, кішкентай қыздың еміне жәрдем бергісі келетін жомарт жандардың қатары артты. Білікті дәрігерлер мен қайырымды азаматтардың арқасында ота сәтті аяқталып, қиындықтар артта қалды. 

Қиын кезеңде қол ұшын беріп, қолдау көрсеткен ағайынға алғыс айту үшін анасы мен қызы Қазақ радиосына бүгін арнайы келді. Кішкентай Кәусарды құшақ жая қарсы алған радио ұжымы балапанға жылы лебіздерін білдіріп, ықыластарын көрсетті.

Кәусарға мықты денсаулық, жарқын болашақ тілейміз!

Еске сала кетсек, 2017 жылдың шілде айында Кәусарды есік алдында ойнап жүрген жерінен ат теуіп кеткен. Содан бас сүйегі үгітіліп, миы тесіледі. Екі рет ота жасалып, екі рет қан құйылған. Анасы Кәусарды Астанаға бас сүйегін салдыру үшін әкелген.