Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда теміржолшыларға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Қазақстанда теміржолшыларға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Қазақстанда теміржолшыларға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Отбасы банкімен бірлесіп, Қазақстанның бес қаласында – Қарағанды, Павлодар, , Қостанай және Астанада теміржол саласының қызметкерлеріне арналған қолжетімді баспана бағдарламасын бастайды.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тұрғын үйлер кадр тапшылығы қатты сезілетін әрі мамандардың жиі ауысуы байқалатын өңірлерде салынады.
Жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Басымдық өндірістік персоналға – теміржол желісінде жұмыс істеп, оның үздіксіз әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлерге беріледі, – деп хабарлады ҚТЖ.
Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов осы бағдарлама аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінің құрылыс барысымен танысты.
Ол бұл бастама тек тұрғын үй жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жергілікті кадрларды қолдауға бағытталғанын атап өтті. Компанияда қолжетімді баспана мамандарды салада ұстап қалуға және олардың кәсіби дамуына қосымша ынталандыру болады деп үміттенеді.
Бағдарламаның алғашқы кезеңін іске қосу биылға жоспарланған.