Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әскери жағдайда адамды алмастыратын робот құрастырылды

Әскери жағдайда адамды алмастыратын робот құрастырылды
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының профессоры, т.ғ.д. Е.Н.Әмірғалиев робот техникасы жүйесінде жаңалық ашты. Зерттеу барысында нысандарды автоматты түрде бақылау тәсілдері әзірленіп, адам-машина интерфейсін пайдаланатын робот сынақтан сәтті өтті. 

Аталмыш робот соғыс жағдайында адам өмірін сақтап қалуға немесе адамның мүмкіндігі шектеулі жағдайларда, сонымен қатар кез-келген әскери мақсаттарда: барлау, жауынгерлік іс, минаны алып тастау және т.б. кездерде пайдалануға ұсынылады.

Жасалған робот барлаушы, сапер немесе мерген бола алады. Өте жоғары жылдамдық пен салмақ ойлы-қырлы жерлерде ара қашықтықты тез жеңуге де мүмкіндік береді. Роботқа  3D  көру жүйесі мен адам-машиналық интерфейс негізіндегі бағдарламалар орнатылған.

Жобаны таныстыру кезінде ҚР Қорғаныс министрлігі қызығушылық танытып, алыстан басқарылатын және қару-жарақ орнатуға мүмкіндік беретін шуылы аз (аэромобильді әскер) әрі жылдамдығы жоғары платформа жасауды ұсынған. 

Қайнар көзі: nauka.kz