Электрондық денсаулық төлқұжаты іске қосылады

Электрондық денсаулық төлқұжаты іске қосылады

Осы жылдың қыркүйек айында электрондық денсаулық төлқұжаты іске қосылады, деп хабарлады Хабар 24.

Құжат пилоттық режимде жұмыс істеп, өзіне емделуші туралы толық ақпаратты енгізеді. Атап айтқанда, бұрын ауырған аурулары, аллергия мен дәрілік заттарға берер әсерлері төлқұжатта жазылып тұрады. Жоба дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асады. Сондай-ақ, үздіксіз медициналық көмек көрсету және автоматтандырылған нақты ақпарат сақталатын бірыңғай тізім енгізу жоспарлануда. Емделуші жайлы деректер өзіне бекітілген нөмірде тұрады.

"Барлық электрондық төлқұжаттар толық толтырылсын. Электрондық төлқұжаттардың белгілі бір пайызы толтырылғанын білемін, бірақ 80% - ға дейін ұлғайту керек", - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Әбішев электрондық денсаулық төлқұжатының артықшылықтары жайлы Facebook әлеуметтік желісінде жариялады:

1. Талдау қағаздарын, амбулаториялық карталарды жою;

2. Халықаралық стандарттарды енгізу;

3. Бірыңғай ақпараттық өріс құру;

4. Клиникалық-диагностикалық қызметтерді үйден шықпай алу мүмкіндігі;

5. Әрбір азамат бұған дейінгі көрсетілген медициналық қызметтерді көре алады;

Вице-министрі бұнымен жоба шектелмейтінін тілге тиек етті.