Қазақ радиосында ертегі
Қазақ радиосы күн сайын 20:40-та балаларға арнап "Ертегі" ұсынады.
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі – ертегі тыңдаушыларды, әсіресе балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, олардың таным-түсінігінің артуына ықпалын тигізеді.
Қазақ радиосының мұрағатындағы бұл хабарлар ұрпақ үшін қашанда бағалы байлық.
Бүгін "Ғажайып тон" ертегісі беріледі.