Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кітап оқудың пайдасы

Кітап оқудың пайдасы

Кітап оқу қашанда пайдалы іс деп саналатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан осы мәселені тереңінен ашатын – кітап оқудың пайдасы жайлы жаднама ұсынамыз.

 

Кітап оқу ойды дамытады. Кітап оқу ой өрісімізді кеңейтеді. Себебі шығарманы оқу кезінде біз басты идеяны, сюжетті түсіну үшін терең ойға түсеміз.

 

Кітап оқу күйзелістен арылтады. Қазіргі заман күйінде адамдардың басты мәселелерінің бірі – күйзеліс пен мазасыздықтан құтылу. Ал кітап оқу күйзеліс деңгейін 68%-ға дейін төмендете алады. Небәрі 6 минут кітап оқу жүрек соғысын бәсеңдетіп, бұлшық ет қызуын төмендетеді. Бұл мақсатта фантастика жанрындағы кітаптарды оқу жақсы көмекші болады.

 

Сөздік қор көбейе түседі. Әртүрлі жанрдағы еңбектерді оқығанда күнделікті өмірде қолданбайтын сан түрлі сөздермен танысасыз. Егер бір сөз білмесеңіз сөздік ала жүгіру міндет емес. Кейде белгілі бір сөзді түсіну үшін сөйлем не жалпы идеяны білу жеткілікті. Кітапты неғұрлым жиі оқысаңыз тіл байлығыңыз соғұрлым дами түседі.

 

Кітап оқу альцгеймер ауруының алдын алады. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша кітап оқу ми ауруының алдын алуға көмектесетіні анықталды. Себебі оқу кезінде миыңыздың белсенділігі арта түседі. Ал бұл оның жағдайына жақсы әсер етеді.

 

Кітап оқу бойға сенімділік ұялатады. Белгілі бір мәселе талқысында біліктілігімізді танытсақ өзімізді сенімді, жинақы сезінеміз.

 

Кітап оқу шығармашылықты дамытады. Креативті адамдар бір сәтте бірнеше идея ұсына алуымен ерекшеленеді. Ал ол идеялар қалай туындайды? Әрине оның қайнар көзі – кітап. Шығарманы оқу барысында сіз жүзеге асқан идеялардың куәсі боласыз. Соның арқасында жаңа біліммен сусындайсыз.

 

Кітап оқу ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Оқу барысында біз кейіпкерлердің киімін, мінезін, жүзін, қоршаған ортасын елестетеміз. Сонымен қатар, оқиғаны толық түсіну үшін есте сақтауға тырысу керек. Осындай әрекет есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады.

 

Кітап оқу зейін қойып оқуды үйретеді. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсіну үшін зейін қойып оқу керек. Бұл қабілеттің сізге кез келген жерде пайдалы болары сөзсіз.

 

Сондай-ақ, кітап оқу объективті болуды, дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.    

 

Дерегіміз керегіңізге жарасын!

Ақпарат Қазақа радиосындағы «Керек дерек» хабарында айтылды.