Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда төртінші Цифрлық ХҚО ашылды

Қазақстанда төртінші Цифрлық ХҚО ашылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қостанай қаласында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.  

Бұл республикадағы төртінші цифрлық ХҚО, осындай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында да бар. Бұл жерде азаматтар мемлекеттік қызметтерді өздігінше, операторлардың көмегінсіз ала алады. Сондай-ақ, мұнда цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған оқу бөлмесі де жабдықталған. 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға үйретуіміз қажет. Бұл үшін осындай орталықтарды барлық облыс орталықтарында ашу жоспарланған. Бүгінде цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бар. Ал, Қостанай қаласы үш мегаполистен кейін цифрлық ХҚО ашылған алғашқы облыс орталығы болды»,-деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Азамат Имамбеков.  


Цифрлық ХҚО Тәуелсіздік көшесі, 46 мекенжайы бойынша бірінші қабатта орналасқан. Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.