Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жолдау – кәсіпкерлікті дамытудың жаңа серпіні

Жолдау – кәсіпкерлікті дамытудың жаңа серпіні

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. 

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды ұсынған Елбасы: «Менің өңірлерге барған іссапарларымда осы бағдарламаның тиімді жүргізіліп жатқанына көзім жетті. Сондықтан оны 2025 жылға дейін созу қажет. Оған жыл сайын мемлекеттен қосымша 30 миллиард теңге бөлінуі тиіс»,- деді.

Президенттің айтуынша, бұл бағдарлама үш жыл ішінде 22 мың жұмыс орнын ашып, бюджетке 224 млн теңге қаржы құймақ. Сондай-ақ, 3 трлн теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді. 

Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жариялауды да тапсырды. Бұл дегеніміз, кәсіпкерлер негізгі салықты төлейтін болса, бұған дейінгі салынған айыппұлдары мен үстемақылары күшін жоятын болады. 

Елбасы Жолдауда «Экспортқа бағытталған индустрияландыру – экономикалық саясаттың алғышарты болуы тиіс. Үкімет экспортпен айналысатын тауарөндірушілерге назарын аудару қажет. Бұл ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіпке қатысты болу керек» дей келе, барлық қазақстандықтарды ішкі өнімдерімізді тұтынуға шақырды. 

«Біздің елімізде де сапалы киім шығара алады. Мен өзім тек отандық өнімді қолданамын. Сапалы әрі он есе арзан. Өзімізді қолдау керек!» - деді ел Президенті.

Жалпы, әлемдегі дамыған көптеген мемлекеттерді алып қарасақ, бірінші кезекте, барлығында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдеріне айрықша мән берілген. Осының арқасында сауда-саттық қарқынды дамыған. Егер біздің елде де отандық  тауарларға деген сұраныс, қолдау осылай арта түссе, ел экономикасының одан әрі қарыштап дамитыны сөзсіз. 

Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту үшін 600 млрд теңге бөлетінін айтып, кәсіпкерлерді қуантқан еді. Елбасының айтуынша, өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінетін болады. 

Сондықтан мемлекет жеке кәсібін ашуға ниетті жандар үшін көптеген мүмкіндік қарастырылғаны қуантады.