Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сөзден сурет салған шебер ақын

Сөзден сурет салған шебер ақын

Аз жазса да саз жазатын, сөзден сурет салған шебер ақын. Шығармаларының дені табиғаттың сұлулығы, адамдар арасындағы сыйластық пен түсіністік хақында. Әдемілік пен әсемдікті жақсы көрді, сұлулықты сүйді.

Бұл теңеулер Қазақ радиосындағы «Дәуір үні» хабарынан үні тыңдарманға жол тартқан публицист, аудармашы, ақын Жарасбай Нұрқанға тиесілі.

Ақын Жарасбай Әнәсұлы Нұрқан 1937 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының Көктерек ауылында дүниеге келген. Оның қаламынан туған «Қара көздер», «Нұрлы терезе», «Алтын десте», «Арманым менің», «Терең барлау», «Буынсыз бала» және басқа да жыр жинақтары оқырман қауымға жақсы таныс.

Жарасбай тұлғасы таудай болатын. Алайда адамға алыстан қарап, теке тіреспейтін. Керсінше тектілікті бүкіл болмысына сыйдырған ол саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап та өлеңдер жазды. Оның кейбірі ән болып өрілді.

Жарасбай Нұрқанның дауысын хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.