Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде суық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ, 15 қарашада күндіз ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. 

Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға жылжыған кең алқапты және күшті антициклон республиканың барлық аймағында суық ауа массаларын тудырды. Жексенбі күні ауа температурасының ауытқуы осы маусым үшін 3...8°С-қа, ал солтүстікте және шығыста 10...15°С-қа төмен болды. Тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температураның ауытқуы оң таңбалы болды. Бірақ, антициклонның шығысқа жылжуы мен созылмалы суықтың енуіне байланысты, осы аудандарда да алдағы тәуліктерде айтарлықтай суық ауа райы күтіледі.

Астана қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы

13 қараша: құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, батыс желінің екпіні секундына 7-12 метр. Түнде температура -14-16°С, күндіз -6-8°С.

14 қараша: құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс желінің екпіні секундына 3-8 метр. Түнде температура -11-13°С, күндіз -4-6°С.

15 қараша: құбылмалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Батыс желінің екпіні секундына 3-8 метр. Түнде температура -9-11°С, күндіз -3-5°С.

Алматы қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы

13 қараша: бұлтты, түнде және күндіз қар, тұман. Жел секундына 0-5 метр. Түнде температура -10-12°С, күндіз -5-7°С.

14 қараша: құбылмалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Түнде температура -12-14°С, күндіз -3-5°С.

15 қараша: құбылмалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Түнде температура -9-11°С, күндіз 0,-2°С.