Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұрсұлтан Назарбаев роботталған хирургия орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаев роботталған хирургия орталығында болды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының негізінде ашылған Қазақстандағы роботталған хирургияның халықаралық референс және оқу орталығында болды. 


Посткеңестікте алғаш рет әлемдік медициналық тәжірибедегі жаңа бағыт – робот көмегімен жасалатын хирургияны дамытудың барлық мүмкіндіктерін өзіне үйлестіретін жоба құрылды. Мұнда тәжірибелік медицина, мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары, клиникалық сынақтар өткізіледі. Роботталған хирургия орталығы Қазақстанның медициналық ғылымын жаңа серпінді деңгейге шығарады.


Роботтың механикалық қолдарына орнатылған хирургиялық аспап маманның қозғалысты кеңінен, жоғары дәлдікпен жасауына мүмкіндік береді. Манипуляторлардың бірі үш еселі камерамен жабдықталған, ол жоғары нақтылықпен операция жасайтын аумақтың бейнесін толық береді. Хирургтің әр манипуляцияны бақылай отырып, роботтың әрбір қимылын басқаруы аса маңызды.

Роботталған хирургия, әсіресе онкологиялық операциялардың сапасын жақсартады. Пациенттерге қосымша тексерілудің және химиотерапияны жасаудың қажеттілігі болмайды.

Жаңа роботталған технологияны әлемде алғашқылардың бірі болып пайдалануды атақты уролог – доктор Давид Самади бастады. Америкалық мәртебелі хирург жеті мыңнан астам операция жасады, қазір Transenterix компаниясының Senhance жаңа жүйесін аурухана дәрігерлеріне меңгеруге көмектесіп, консультация беруде. Роботталған хирургия көмегімен операция жасайтын дәрігерлер Италияда – өндіруші компания кеңсесінде тағылымдамадан сәтті өтті. Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті қорының көмегімен құрылды.